Депутаттар Президент бастамаларын қолдауға шақырды
Қазақтың бірлігін көрсететін уақыт келді. Парламент сенаты мен мәжіліс депутаттары күш біріктіре отырып, Президент бастамаларын қолдауға шақырды.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Президентіміз тыңдай білетін азамат. Өз мүддесін емес, қарапайым халықтың мүддесін ойлайтын азамат. Сондықтан қазір мемлекет басшысына тірек болайық. Қазақтың бірлігін көрсететін уақыт келді.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Болған жағдайға байланысты халықты сабырға шақырамыз. Мемлекет басшысының бүгінгі қабылдап жатқан шаралары дұрыс деп бағыттаймыз. Біз енді осындай кезеңде Мемлекет басшысының жанында болып сол атқарылып жатқан шаралар аясында дұрыс нәтижеге келуіміз керек.
Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Ақпарат саласындағы әріптестеріме рахмет айтамын. Алматыда өртенген студияларын көріп жатырсыздар. Болған жағдайға қарамастан олар үздіксіз хабар таратып жатыр. Қазақтың үні бар тілі бар жерде қазақтың рухы өлмейді. Қолбасшы Президентіміздің айналасына жиналып, бірге болайық.
Берік Дүйсенбинов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:Осы сынақ кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің табанды басшы, қайсар азамат ретінде көрсете білді. Ендігі міндет Мемлекет басшысын қолдап, осы жинақталған мәселелелрді бірігіп, құқықтық кеңістікте шешу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13