Алматы ТМД-ның мәдени астанасы атанды
Алматы биыл ТМД елдерінің мәдени астанасы атанды. Осылай делінген сертификатты тапсырып, құттықтауға достастық елдерінің делегациялары шаһарға арнайы келді. Бұған дейін бұл мәртебеге Ульяновск пен елордамыз Астана ие болған.
Бұл жолы Қазақстан тағы да көш бастады. Мерекелік кеште ТМД елдерінің опера әншілері Абай атындағы опера және балет театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен керемет өнер көрсетті.
«Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасы 2012 жылы қабылданған болатын. Бастама жыл сайын белсенді ұйымдастырылып, жалғасын тауып келеді. Қашанда ата-бабаларымыздың асыл мұрасын насихаттап, мәдени ілтипатымен көш басында жүретін Алматы бұл жолы үздік атанды.
Бұл көрсеткішке тоқмейілсімеген жергілікті билік 230-ға жуық мәдени орталығы бар шаһарда шығармашылықты әрдайым жандандыруға күш салатындықтарын жеткізді.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет министрі:
Жүргенов атындағы Өнер академиясының қасынан қазір оқу театры жоспарға енді қосылайын деп жатыр. Ол тек оқу орны емес, Елбасы айтқандай инновациялық тұрғыдан әрі қарай даму ретінде Қазақстан жастарының орталығы болады.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08