Үкіметтік комиссия төрт нақты шешім қабылдады
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов маңғыстаулықтарға видеоүндеу жасады. Ол Президент тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссияның төрт нақты шешімін жариялады.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:Біріншіден, сұйытылған газдың литрі 50 теңге болып бекітілді. Облыстың қалалары мен аудандарында газ құнының мөлшерін саралау «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының есебінен жүзеге асырылатын болады. Екіншіден, қазіргі уақытта біздің берген уәдемізге сәйкес, интернет ресурстары іске қосылды. Үшіншіден, құқық қорғау органдарының наразылық акцияларына қатысушыларды қудаламауы туралы сол жерде әңгіме болды. Ол және нақты қабылданған шешімге байланысты жүзеге асып жатыр. Төртіншіден, Қаражамбас кен қорының вахта жұмысшыларын Ақтау қаласына тасымалдау туралы осы комиссияға қатысқан азаматтардың нақты ұсыныстары болған. Ол да бүгінде нақты шешімін тапты. Сонымен қатар, өзге де әлеуметтік сұрақтар алдағы уақытта міндетті түрде қаралады. Ол мәселелердің шешімі Мемлекет басшысының тікелей қадағалауында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13