Қостанайда пойыз бен көлік соқтығысып, бір адам ауыр жарақат алды. Оқиға бүгін таңертең қаланың шет жағындағы теміржол өткелінде болған. Полицияның мәліметінше «Шевролет» көлігін тізгіндеген жүргізуші бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, пойыздың жолын кесіп өтуге әрекеттенген.
Салдарынан «Нұр-Сұлтан – Орал» бағытындағы жолаушылар пойызы көлікті соғып, шамамен 200 метрдей жерге сүйреп, бір-ақ тоқтаған. Қазір оқиғаға құқықтық баға беру үшін тиісті материалдар жинақталу үстінде. Соған сәйкес процессуалды шешім шығарылады. Ал осы апат кезінде ауыр жарақат алған автокөлік жүргізушісі ес-түссіз күйінде ауруханада жатыр.
Ксения Жылқыбаева, Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
1981 жылғы ер адам ашық ми жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар миы шайқалған, оң жақ қабағының тұсы қатты жыртылған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Реанематологтар мен нейрохирургтардың бақылауында. Қан құрамында алькогольдің бар жоғын анықтау үшін сынама алынды. Жағдайы өте ауыр.
Дәуренбек Әбдібек