Шымкентте мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген азамат сотталды
Шымкент қаласында салықтан жалтару мақсатында жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактура жазып берген азаматтың ісі әшкере болды. Тергеу барысында оның туыстары мен таныстарының атына 14 кәсіпорынды тіркегені анықталды.
Бұл кәсіпорындар контрагенттерге салық төлеуден жалтаруға жағдай жасау үшін құрылған болып шықты. Фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған. Кәсіпкердің мемлекетке келтірген зияны және заңсыз жолмен тапқан қаржысы енді қазынаға қайтарылады.
Жұпар Мамытова, Экономикалық тергеу департаментінің өкілі:
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді. А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17