Ақтөбеде қалта ұрылары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қалта ұрылары ұсталды

23.12.2021

Қалта ұрылары ұсталды. Ақтөбеде жеке үйлердің бірінен қала тұрғындарынан қолды болған ондаған бағалы бұйым табылды.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп санкцияланған тінту жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде заңсыз айналымда жүрген 21 ұялы телефон, 92 смартфон флэшкартасы, 2 адаптер, 41 алтын бұйым, 13 USB флэшкартасы, 8 әмиян, 28 ұялы телефонға арналған қорап, 990 мың теңге ақша және есірткі тәркіленді. Тәркіленген заттардың бір бөлігі ұрланған мүлік ретінде тіркелген.


Хабарламаларға жазылу