Алматыда пәтер ұрылары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

19.05.2022

Алматыда пәтер тонап келген қылмыстық топ ұсталды.

Полицияның хабарлауынша, үш ер адамнан және арасында бір әйел бар топ бөтеннің үйіне кілтті таңдау арқылы кірген. Олар негізінен алтын, аң терісінен жасалған бұйымдар мен цифрлық техникаларды қолды еткен. Арнайы іс-шараның нәтижесінде қаскөйлер Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын-ала болжам бойынша, олар Ақтөбе облысының аумағында да пәтер тонаумен айналысқан болуы мүмкін.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу