Алматыда күдікті ұсталған сәтінде полицейді жарақаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда күдікті ұсталған сәтінде полицейді жарақаттады

17.11.2021

Алматыда қалта ұрлығы мен бір тонау ісіне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті қолға түскен кезде қарсылық танытып, полицейлердің бірін пышақпен жарақаттаған.

Оқиға Тимирязев көшесінде болған. Күдікті бұған дейін бірнеше рет істі болған Тараз қаласының тумасы болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары басталды.


Хабарламаларға жазылу