Елордада қалта ұрылары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қалта ұрылары ұсталды

01.02.2022

Нұр-Сұлтан полицейлері қалта ұрыларын ізін суытпай ұстады. Олар бірнеше қалада болып, қалта тонаумен айналысқан. Ұрылар адам көптігін пайдаланып, жолаушыға жақындап, сәті түскен кезде сөмке мен сырт киім қалтасынан телефон мен әмиянды ұрлап отырған.

Бейнекамераға түсіп қалған  30 жастағы күдікті қылмыс үстінде қолға түсті. Қазір тергеу жұмыстары басталды.


Хабарламаларға жазылу