Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалағандар ұсталды

20.04.2022

Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалап, ақша талап еткен қарақшылар ұсталды. Олар 48 жастағы дүкен иесінен ай сайын 400 мың теңге беріп отыруды талап еткен. Талаптары орындалмаса, дүкенді өртеп жібереміз деп қорқытқан. Кәсіпкер полицияға хабарласып, жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 100 мың теңгені беру кезінде 4 күдікті ұсталды. Олар қылмысын толығымен мойындаған. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу