Қызылордада ең үлкен шелпек пісірілді (ФОТО)
Наурыз мерекесі алдында Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап ауылында ең үлкен жеті шелпек пісірілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сыр жұртшылығы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Әр аймақта мерекеге байланысты түрлі іс-шара өткізілуде. Сондай шаралардың бірі - Жаңаталап ауылында өтті.
Әдеттегідей, наурыз думанын бастаған жарапазаншылар тобы ауыл ортасындағы бас алаңға жеткенше жол бойына жар салып, халықты тойға шақырды. Шара барысында ауыл тұрғындары күлше мен наурыз көже пісіруден жарыс өткізді. Қазақы салт-дәстүрлерден көрініс көрсетіп, бұрымды қыз, бата беру сайыстарында бақ сынады.
Жалағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаевтың айтуынша, диаметрі 1 метрге жететін ең үлкен шелпек халыққа таратылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама Азия ойындарында 84 медаль жеңіп алды
05.10.2026, 10:05
Шығыста күн райы күрт бұзылды
05.10.2026, 10:03
Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
05.10.2026, 10:03
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
05.10.2026, 10:02
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы қорытындыланды
05.10.2026, 10:01
Қазақстанға Оман Сұлтаны мемлекеттік сапармен келеді
05.10.2026, 10:00
XX жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады
04.10.2026, 20:03
2 млрд доллар: Қазақстан мен Германия 30-дан астам келісімге қол қойды
04.10.2026, 19:52