Елімізде Омбудсмен қызметіне араласуға заң бойынша тыйым салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Омбудсмен қызметіне араласуға заң бойынша тыйым салынбақ

20.12.2021

Елімізде Омбудсмен қызметіне араласуға заң бойынша тыйым салынбақ. Уәкіл айрықша қоғамдық маңызы бар жағдайларда тікелей Президентке, Парламент Палаталары мен Үкіметке өтініш жасай алады.

Бүгін Сенат отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобасын қаралды. Жаңа құжатқа сәйкес, Омбудсмен адамдардың құқығын қорғау үшін тиісті органдарға өз ұсынысын, қылмыстық іс қозғау туралы өтініш хатын жіберумен қатар, сотқа да жүгіне алады. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің әр өңірде өкілі болады. Құжатты талқылау барысында сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер енгізді.

Сенат қабылдаған түзетулер Омбудсмен қызметі кепілдіктерінің жекелеген мәселелерін нақтылауды көздейді. Осылайша, сенаторлар заң жобасының негізгі нормаларын қолдай отырып, оны түзетулермен Мәжіліске қайтарды.


Омбудсмен

Хабарламаларға жазылу