Көкшетауда жас педагогтардың форумы өтті
Көкшетауда жас педагогтардың форумы өтті. Осымен төртінші рет ұйымдастырылған жиында еңбек жолын енді ғана бастап жатқан жас мамандар білім берудің тың әдістерімен бөлісті. Өз жобаларын әріптестерінің назарына ұсынды.
«Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданғаны белгілі. Ұстаздардың жалақылары да өсті. Осы өзгерістер жастардың мұғалім болуға қызығушылығын арттырды.
Ақмола облысында биылғы мектеп түлектерінің 2 мыңнан астамы мұғалімдікті таңдаған. Жас мамандарға қолдау жан-жақты. Форумда жыл бойы ерекше көзге түскен жас мамандар марапатталды.
Табысбек Үсен, Молодежный орта мектебінің мұғалімі:
Жақсы, білімді, бәсекеге қабілетті оқушыларды тәрбиелеп шығу үшін біздің де өзіміздің қарым-қабілетіміз соған сай болу керек. Ол үшін осындай форум, жиындар, педагогикалық кеңестер арқылы, басқа да практика жұмыстар арқылы біз өзіміздің біліктілігімізді шыңдап отырамыз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15