Елордада қар күреуге 2 мың жұмысшы және 2 мың арнайы техника жұмылдырылған
Нұр-Сұлтан қаласын қалың қар басты. Ауа райының қолайсыздығы жұртты әуре сарсаңға түсірді. Көлік қозғалысы қиындап, өткен түнде әуе рейстері кейінге шегерілді. Елордадағы барлық коммуналды қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшкен. Қазіргі жағдайды баяндау үшін тікелей эфирге тілшіміз Берік Көшербай қосылды.
Берік Көшербай, тілші:
Дәл қазір Елордада қар күреуге 2 мың жұмысшы және 2 мың арнайы техника жұмылдырылған. Коммуналдық кәсіпорындар күні-түні тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Тек соңғы тәулікте қалада қардың 1 айлық нормасы жауып қалған. Ал осы ай басталғалы бері КамАЗдар қала сыртына 14 мыңнан астам рейс жасап, барлығы 150 мың текше метр қар шығарыпты. Жалпы, осы аптаны елорда тұрғындары ақ түтек боранмен қарсы алды. Толассыз жауған қардың салдарынан қоғамдық көліктің қозғалысы қиындады. Әуежайдағы ұшып-қону алаңын да қалың қар басып қалғандықтан, өткен түнде бірқатар әуе рейсінің уақыты өзгерген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін екінші ауысымдағы 0-7-ге дейінгі сынып оқушылары онлайн форматқа көшірілді.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16