Басты Жаңалықтар Министрліктер мен агенттіктер басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен 16 кездесуі өтті

Министрліктер мен агенттіктер басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен 16 кездесуі өтті

Министрліктер мен агенттіктер басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен 16 кездесуі өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында X Азаматтық форум қарсаңында 12-19 қараша аралығында министрліктер мен агенттіктер басшыларының азаматтық қоғам өкілдерімен 16 салалық онлайн-кездесуі өтті.

Бұл Қазақстанның алғашқы Азаматтық форумы өткізілген 2003 жылдан бастап орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен азаматтық қоғам қатысушыларының тақырыптық кездесулерінің рекордтық саны.

Айта кетейік, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруда халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуге және әрекет етуге мүмкіндік береді.

Онлайн-кездесулер ҚР АҚДМ Facebook әлеуметтік желісіндегі арнайы парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Министрлер, агенттіктер төрағаларының, вице-министрлердің 16 кездесуінің онлайн-форматы Қазақстанның барлық өңірлерінен 1000-нан астам азаматтық қоғам өкілдерін (ҮЕҰ, бизнес, БАҚ, квазимемлекеттік сектор) тіркеуге мүмкіндік берді, олар өздерін толғандыратын сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік алды. Facebook-тегі тікелей эфирлерді қамту шамамен 4000 қаралым берді.

Жалпы, министрліктер мен агенттіктердің бірінші басшыларымен кездесулердің барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, денсаулық сақтау, экология, білім беру, азық-түлік қауіпсіздігі, қылмысқа қарсы күрес, цифрлық технологияларды пайдалану және т. б. салаларда мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы бойынша мәселелер талқыланды.

Барлық министрлер, агенттіктердің төрағалары биылғы жылы енгізілген заңнамалық түзетулердің арқасында өз өкілеттіктерін кеңейткен қоғамдық кеңестер жұмысының маңыздылығын танитыны маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, X Азаматтық форум Нұр-Сұлтанда 22-24 қарашада онлайн-форматта басталып, Алматыда 25-26 қарашада офлайн-форматта жұмысын жалғастырады.

Форумның іс-шаралары демократиялық процестерді дамыту, Қазақстанда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ қоғамның, мемлекет пен бизнестің оларға қол жеткізудегі негізгі міндеттеріне арналады.

Бөлісу