Алматыда жаңажылдық кеш өткізуге тыйым салынды
Алматыда жаңажылдық кештер өткізуге тыйым салынды. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин желтоқсан айында инфекция жұқтырғандардың саны артуы мүмкін дейді. Бұл туралы брифингте коронавирус инфекциясымен күреске жауапты мамандар хабарлады. Қазір бізбен әріптесім Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып тұр. Қуан, қала «жасыл аймақта» болса да, жаңажылдық шаралар өтпейтін болды ма?
Қуан Нұрақын, тілші:Иә, брифингте қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда эпидахуал тұрақты екенін айтты. Десе де әлі де босаңсымауға болмайтынын ескертті. Себебі жаңажылдық шаралар өтсе, шаһар қайтадан «қызыл аймаққа» оралуы мүмкін. Қазір мегаполисте бір аптада коронавирус жұқтырған 900-ден аса адам тіркелсе, соңғы тәулікте 130-ға жуық адамнан инфекция анықталған. Науқастардың 82%-і вакцина алмағандар екен.
Мамандар сөзінше, әсіресе «дельта» штаммын жұқтыру дерегі балалар арасында жиілей бастаған. Мәселен, былтыр небәрі 300-ге жуық оқушыдан вирус анықталса, биыл олардың саны 15 мыңнан асқан. Сондықтан жасөспірімдерді вакциналау маңызды дейді дәрігерлер.
Светлана Сұлтанғазиева, қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:Жаңа вакцинаны алғандардың саны - 3714. Соның ішінде балалардың, жасөспірімдердің саны - 2295. Жүкті әйелдер де алып жатыр. 310-нан аса жүкті әйел алды. Ал емізулі әйелдердің саны 1000-ға жуық болды.
Қуан Нұрақын, тілші:Еске салайын, бір апта бұрын 379 мың доза Pfizer вакцинасы жеткізілген болатын. Екпенің 46 мың дозасы Алматыда қалып, қалғаны басқа өңірге таратылды. Жалпы, препараттың 4 миллион 230 мың дозасы сатып алынды. Бұл екпені жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер салдыра алады. Вакцина ерікті түрде ата-аналардың келісімімен ғана жүргізілмек.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24