Алматыда заңсыз дәрі жасағандар жазаланды
Алматыда қылмыстық топ мүшелері күмәнді дәрілік препараттарды дайындағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Жедел әрекет ету нәтижесінде Алматы облысының Іргелі ауылынан астыртын цехтың жұмысы әшкере болды. Сонымен қатар, дәрілерге арналған қорапшаларды дайындайтын баспахана мен заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма анықталды. Нысанды тінту кезінде «Ротацеф», «Солкосерил», «Кальций Д3 никомед» және «Цераксон» сияқты 60 мыңнан аса қапталған дәрілер тәркіленді. Осы әрекеттері үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі сотталды.
Мұрат Оспанов, Алматы қалалық Экономикалық тергеу-тексеру департаментінің басқарма басшысы:Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген препараттардың жалпы құны 250 миллион теңгеден асады. Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, оларға 5 жарым жылдан 7 жарым жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07