13,5 млн тонна астық жиналды
Кетпен ұстаған қауымның жұмысы қауырт. Биылғы өнімнің 61,6 пайызы қазірдің өзінде қамбаға құйылды. Диқандар 9,6 млн гектар алқаптан дәнді дақылдарды жинап үлгерген. Күтіміне қарай егін де бітік шықты. Зертханалық сараптамаға сәйкес, жиналған жұмсақ бидайдың 93 пайызы азық-түлікке жарамды. Бүгінде лицензияланған кәсіпорындарға 2,83 млн тонна астық қабылданды. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда бес есе көп. Дәнді дақылдардан бөлек, 900 мың тоннадан астам майлы дақыл, 2,4 млн тонна көкөніс, 1,8 млн тонна бақша өнімі және 1,2 млн тонна картоп жиналды. Ауыл шаруашылығы министрлігі егінді жинау, сақтау және қабылдау жұмыстарын бақылауда ұстап отыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14