Жамбыл облысында бейімдеу бағдарламасы іске қосылды
Жамбыл облысында еліміз бойынша алғаш рет алкогольге тәуелді адамдарды белгілі бір мамандыққа баулитын бағдарлама жүзеге аса бастады. Бұл олардың қоғамға қайта бейімделіп, қатарға қосылуына мүмкіндік береді дейді мамандар.
Осылайша алдымен Тараздағы психикалық денсаулық орталығында оңалтудан өтіп
жатқан азаматтарға кәсіптік білім беру бастау алды. Жаңа әлеуметтік жоба 4
жақты келісім негізінде жүзеге асты. Ал алғашқы кезеңге 10 адам қатысып отыр.
Олар үш ай бойы арнайы кәсіптік бағдарлама бойынша білім алады. Сондай-ақ
қатысушыларға 43 мың теңге шәкіртақы төленіп, мамандық меңгергені туралы
сертификат беріледі.
Динара Баянова, Тараз қалалық Мансап орталығының бөлім
басшысы:
Егер де жұмыс беруші жұмыс ұсынбаған жағдайда мемлекеттің мына әрбір жұмыссызға төленген шәкіртақысы мен әр мұғалімге оқытқаны үшін төленген шығынның бәрін жұмыс беруші қайтарады. Ал егерде жұмыс беруші жұмысты ұсына отырып, жұмыссыз бас тартатын болса, ол кісі басқа жұмысқа тұруға міндетті болып табылады. Ал егерде мүлде жұмысқа кірмеген жағдайда мемлекеттің қаражаты толығымен қайтарылатын болады.
Ал олардың білім алуына қажетті жағдай жасау психикалық денсаулық орталығына
жүктелген. Мәселен мамандар құжаттарды рәсімдеу, қажетті анықтамаларды жинақтау
бойынша көмек көрсетеді. Шарапатты шараны қолға алғандар жобаға
қатысуға ниеттілердің бұдан да көп екенін айтты.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14