Зайсан көлінің жағасына балық зауытын сала бастады
Шығыстағы Тұғыл ауылында жылына 2 мың тоннаға дейін балық етінен өнім шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Жобаға Польша Республикасының инвесторы 6 миллион еуро жұмсамақ. Кәсіпорын уылдырықтан бастап өңірдегі өзен-көлде тіршілік ететін балықтың барық түрін өсіреді. Еуропа стандартымен өңделген өнім негізінен экспортқа шығарылады. Кәсіпорын толық іске қосылған кезде аз дегенде 100 адам тұрақты еңбек етеді. Жобаның бірінші кезеңі келер жылы тамызда пайдалануға берілмек. Ал қажетті мамандар зауыттың өзінде даярланады. Яғни жастарды су айдындарына шығарып, балық шаруашылығы бағыттарына тарту жоспарланып отыр. Бұл алыстағы ауыл тұрғындарына жаңа кәсіп түрін үйренуге мол мүмкіндік.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14