СҚО-да жылжымалы дәріхана жұмыс істей бастады
Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет жылжымалы дәріхана пункті іске қосылды. Енді Қызылжар ауданының шалғай елді мекендерінің тұрғындары қажетті дәрі-дәрмек алу үшін аудан орталығына арнайы бармайды. Дәріхана бекітілген кестеге сәйкес ауылдарды аралап, тегін берілетін препараттарды да тұрғындарға апарып береді. Жоба Қызылжар ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр. Негізгі мақсат – шалғай елді мекендерде тұратын халыққа дәрі-дәрмекті қолжетімді ету.
Жылжымалы дәріханада артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант
диабеті сияқты ауруларға арналған дәрі-дәрмектер, балалар тағамы және өзге де
препараттар бар. Тұрғындар қажетті дәрінің бар-жоғын алдын ала негізгі
дәріханаға хабарласып, нақтылай алады.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14