Атырауда «Lotus clean day» шарасы өтті
Атырауда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Lotus clean day» экологиялық іс-шарасы өтті. Мақсат – экологиялық тазалық жұмыстарымен қатар Атырау өңірінің табиғи байлығы мен ерекше флорасын жастарға көрсету. Бүгін экологиялық бағытта білім алып жатқан 25 студент Тасқала ауылдық округі аумағындағы «лотос гүлі» алқабын тамашалады. Аумақты қоқыстардан тазалап, сенбілік ұйымдастырды. Жалпы жыл басынан бері өңірде облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 170 іс-шара өткен. Оған 21 мыңға жуық жас тұрғын қатысқан.
Фариза Сембайқызы, «Атырау жастары»
қоғамдық ұйымының белсендісі:
Осыған дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірнеше шараларда бас көтеріп келеміз. Осы алқапты тазарту жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Осындай акцияларда барлық жастарды бас көтеруге шақырамыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14