Түркия: Лира құнсызданып, импортқа ауыр тиді
Түркияның ұлттық валютасы арзандап, бұл импортқа тәуелді кәсіпке ауыр тиді. Жыл басынан бері лира долларға қатысты 25 пайызға арзандаған. Одан әсіресе дәрі-дәрмек импорты орасан зардап шегіп отыр. Айта кетсек, Түркия дәрі-дәрмекті сырттан тасымалдайды. Бұған қоса елде өндірілетін дәрілік препараттар да шетелдік материалдардан жасалады. Оларды импорттау құны шарықтап, медициналық компаниялар үлкен шығынға батып жатыр. Осыған орай елде ревматизм, гипертензия, қатерлі ісік және депрессияны емдейтін кейбір препараттар тапшы. Түрік валютасы қыркүйекте арзандай бастады. Бұған инфляцияның өсуіне қарамастан, елдің Орталық банкінің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтермеуі түрткі болды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21
Маңғыстау теміржол вокзалы пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:15
The New York Times: АҚШ пен Израиль Иранға соққы беруге дайындалып жатыр
23.10.2026, 20:12