Басты Жаңалықтар Түркістан облысында екпе салдырғандар миллионнан асты

Түркістан облысында екпе салдырғандар миллионнан асты

Түркістан облысында екпе қабылдағандардың саны миллионнан асты. Ал екінші компонентті 950 мыңға жуық тұрғын салдырған. Мамандардың сөзінше, қазір тәулігіне 900-ге жуық адам екпе кабинеттеріне келеді. Нәтижесінде өңірде індет жұқтырғандар саны күрт төмендеген. Мәселен, соңғы тәулікте тек 14 адамда COVID-19 індеті анықталған. Аймақтағы екпе пункттерінде қазір жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге файзер вакцинасы салынуда. Себебі соңғы кезде жүкті әйелдердің ковидке шалдығуы  жиілеген.

Нұрхан Нарымбетова,  Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары:

Бізде бір жағдацы ауыр  әйел жатыр. Ал күнде, мысалы, 70-тей әйел пневмониямен ауырып жатыр. 16 аптадан 36 аптаға дейін вакцина алуға болады деп отыр. Жүкті әйелдердің келісімімен вакцина егеміз. Егер келіспесе, салынбайды.


Бөлісу