Басты Жаңалықтар Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті

Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті

Алматыдағы Абай атындағы Ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымын жаңа премьерамен ашты.

Театр тарихында тұңғыш рет Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының желісі бойынша «Ақбала» премьерасы балет жанрында қойылды. Бір кездері қазақ прозасында тұтас дәуірдің тынысын бейнелеген шығарма, бұл жолы сөзсіз, қимыл мен әуен арқылы жаңаша сипат алды. Кейіпкерлердің ішкі арпалысы, махаббаты мен өкініші, тағдыр талқысы сол қоғамдағы күрделі кезеңнен сыр шертетін ауқымды хореографиялық қойылымға негіз болды. Ұлы әдеби мұра жаңа қырынан ашылды.  Шынар Омарова, Либретто авторы:

Таныс шығарманы оны балет тілінде көру түсінікті болады. Ұлттық балет арқылы көрерменге тарту, екінші жағынан ұлттық балет арқылы тек қана көрерменді емес ұлттық дүниені таныстыру. Ұлтқа жаңа жанрда ұсыну болды.


Бөлісу