Қытайдың солтүстік-шығысында 116 жылда болмаған қалың қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың солтүстік-шығысында 116 жылда болмаған қалың қар жауды

11.11.2021

Қытайдың солтүстік-шығысында 1905 жылдан бергі ақтүтек боран соқты. Соның салдарынан Цзилинь, Ляонин және Ішкі Моңғолияда қардың биіктігі 50 сантиметрден асқан. Бұған қоса, күн салқындап, термометр -16 градусты көрсетіп тұр.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ауа райынан қолайсыздығынан 1 адам қаза тауып, ондағаны жараланған. Мектептер жабылып, көлік қатынасы тежелді. Ал әуежайларда жүздеген ұшақ көкке көтерілген жоқ. Кейбір магистральдарда кептеліс түзіліп, талай автомобиль жолда қалды. Боранға байланысты тұрғындарға далаға шықпау туралы ескерту жасалды. Сонымен қатар, энергия тапшылығымен бетпе-бет келген елде тұрғындарды жылумен қамтамамасыз ету өзекті проблемаға айналып отыр.

Қазір қыс қаһарына мінген аудандарда коммуналдық қызмет жұмысшылары жолдарды тазарту үшін арнайы техникамен жұмыс істеп жатыр. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу