«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында биыл 40 сәби дүниеге келді
«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында биыл 40 сәби дүниеге келді. Былтыр Президент пәрменімен бұл бағдарламаға 7000 квота бөлінген. Биыл 6 мың емделуші осы жобаға қатысты. Нәтижесінде екі мыңнан астам ана сәби күтіп жүр. Бүгін баспасөз алаңында есеп берген денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері осылай деді. Жалпы, бағдарлама 5 жылға арналған. Бедеулік диагнозы қойылған азаматтар жылына бір рет қатыса алады. Биыл ұрықтандыру сәтсіз аяқталса, келер жылы қайта жүгінуге болады. Ол үшін учаскелік дәрігерге қаралып, жолдама алу қажет. Еліміздегі 19 ұрықтандыру орталығы бағдарламаға қатысып, сәби сүйгісі келетіндерге қолдау көрсетуде.
Алмаз Ибрагимов, репродуктолог-дәрігер:Жүктілік болмай жүрген, емдеуді үміт етіп жүрген талаптанушылардың саны 14 мыңнан астам. Бірақ бұл бағдарлама жыл сайын жалғасса 2025 жылға дейін бұл мұқтаждықты қамтуға мүмкіндігіміз бар.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09