Аяжан Еділованың өлімі: Сот отырысы жабық жағдайда өтіп жатыр
Алматыда қоғамды дүрліктірген Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот отырысы басталды. Сегіз айға созылған тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жолданған болатын. Қазір бізбен тікелей байланысқа әріптесім Қуан Нұрақын шығып тұр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Отырыс аса ауыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Сағат 10-да басталған жиын әлі аяқталған жоқ. Аяжан Еділованың отбасының өкілі Қадыржан Ғалымжанұлының сөзінше іс 30 томнан тұрады. 30-ға жуық сараптама жасалған. Адвокат іске қатысты бұдан өзге мәлімет берген жоқ. Бұған дейін айыпталушы алқабилер сотынан бас тартқан болатын. Енді тәртіпке сай үкімді судья шығарады. Сот отырысы жабық жағдайда өтіп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына сот залына кіруге және онлайн бақылауға да рұқсат етілмеді.
Айта кетейін, осы жылдың 19 наурызында қала тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен. Бірнеше күннен кейін полиция қыздың қаза болғанын хабарлаған еді. Жоғалған күні Аяжан жаңадан танысқан ер адаммен кездесуге барғаны анықталды. Күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азамат ұсталды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17