Елімізде коронавирус жұқтыру деңгейі 2,8 пайызға төмендеді
Соңғы екі айда коронавирус жұқтыру деңгейі 2,8 пайызға, көрсеткіші 4 есеге төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Үкімет отырысында айтты. Жиында тағы қандай мәселе қаралды. Дәл қазір бізбен байланыста тұрған Раушан Сайлауқызы баяндайды.
Раушан Сайлауқызы, тілші:Қазақстанда екі ай бұрын аптасына 33 мыңнан астам адам ауырған болса, қазір бұл сан 11 700-ге дейін азайған. Балалар арасында сырқаттану 1,3 есеге төмендеген. Бұл эпид жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді дейді вице-министр. Екпенің екі компонентін алғандар саны 7,5 млннан асады. Дегенмен көрші елдердегі жағдай күрделі. Осыны ескере отырып, аймақтарда шектеу шараларын күшейту керек деді Премьер-Министр. Коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынын арттыру қажет екенін де айтты. Сондай-ақ жиында экологиялық мәселелер көтерілді. Министр Қазақстандағы үш негізгі проблеманы атады.
Ол - ауаның ластануы, жер үсті сулары және қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің нашарлығы. Көмірден біртіндеп бас тартып, газ тарту жұмысын күшейту керек. Келешекте көмір өндірісін 70 пайыздан 40 пайызға қысқарту жоспарланған. Керісінше, газдандыруды 38 пайызға ұлғайту көзделген. 2030 жылға қарай қоғамдық көліктерді газбен жүретін техникаға немесе электр автобустарға ауыстыру жоспарланып отыр.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдап отыр
21.01.2026, 21:11
«Оң өзгерістер болашағымызға зор ықпалын тигізеді»
21.01.2026, 20:29
«Ұлттық цифрлық мұра» қоры әзірленбек
21.01.2026, 20:26
Ақтөбеде шаруалар малдың санына емес, сапасына көңіл бөле бастады
21.01.2026, 20:22
Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу
21.01.2026, 20:20
Бір палаталы Парламентке көшу - әлемдік тәжірибедегі тиімді модель
21.01.2026, 20:17
Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар
21.01.2026, 20:12
Ақпанда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына кімдер барады?
21.01.2026, 20:11