«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «30 жыл 30 есім» ұлттық жүлдесіне байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «30 жыл 30 есім» ұлттық жүлдесіне байқау жариялайды

04.11.2021

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай осы жылдар ішінде ел дамуына орасан зор үлес қосқан қазақстандықтар арасында «30 жыл 30 есім» ұлттық байқауын жариялайды. Телевизиялық жүлде соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталады.

Байқау:

- Медицина және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін

- Қоғамдық белсенділігі үшін

- Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін

- Кино саласына сіңірген еңбегі үшін

- Спорт саласындағы жетістіктері үшін

- Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін

- Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін

- Ауыл шаруашылығы және агроөндіріс саласына қосқан үлесі үшін

- Дәстүрлі өнердің дамуына қосқан үлесі үшін

- «Әдебиет» аталымы бойынша өтеді.

Арнайы құрылған комиссия әр аталым бойынша үміткерлерді анықтап, дауыс беруге шығарады. Қараша айының соңында телерадиокорпорацияның qazaqstan.tv ресми сайтында жалпыхалықтық дауыс беру басталады.

Дауыс саны арқылы қазақстандықтардың кең қолдауына ие болған жеңімпаздар 16 желтоқсан – Тәуелсіздік қарсаңында өтетін арнайы кеште марапатталады.

Қазақстан 30 жыл 30 есім ұлттық жүлде байқау

Хабарламаларға жазылу