Қараша айында Pfizer вакцинасының 4 млн дозасы елге жеткізілмек. Бұл 2 млн адамды екпемен қамтуға жетеді. Депутаттық сауалға жауап берген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді. Ал екпе салу шараларына қатысты ел үкіметі қолға алып жатқан басқада жұмыстар жайлы қазір бізбен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Раушан Сайлауқызы толығырақ бөліседі.
Раушан Сайлауқызы, тілші:Ералы Тоғжанов соңғы уақытта кей өңірлерінде екпе егу қарқыны бәсеңдегенін айтты. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп жақсаруына байланысты. Десе де арқаны кеңге салуға әлі де ерте. Енді екпеге қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейе түспек. Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары вакцинациялау кезеңінде басымдық беретін тізімді атады. Ол қатарда 12 жастан асқан балалар, жүкті әйелдер мен емізулі сәбиі бар аналар бар. Бұл санаттағыларға арналған методикалық нұсқаулық әзірленген. Мамандар да онымен танысып, оқыту курсынан өтіп жатыр. Медициналық ұйымдардың да дайындығы күшейді. Екпені сақтау үшін арнайы тоңазытқыштар да сатып алынды.Ералы Тоғжановтың сөзінше қазір АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израйль, Белгия, Индия, Біріккен араб әмірліктерінде балалар мен жүкті әйелдерге, аналарға осы Pfizer екпесі салынып жатыр. Вакцина өндірісі шектеулі болғандықтан шығарушы елдің үкіметімен келіссөз жүргізу керек. Сондықтан жеке емханалардың сатып алуына әзірге мүмкіндік жоқ. Жалпы елде тіркелген алты екпенің үшеуі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мойындалған. Қазіргі уақытта халыққа Спутник V, QazVac и Sinopharm екпелері салынуда. Қараша айында Pfizer вакцинасының 4 млн дозасы елге жеткізеді. Елде екпе салынуы тиіс тұрғындардың тізім кеңейтілген болатын. Яғни ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 60 пайызы, дәлірек айтсақ 11 млн 390 мың адамға вакцина салу қажет.