«Е-salyq business» қосымшасы пилоттық тестілеуден өтуде
Елімізде «Е-salyq business» қосымшасы пилоттық тестілеуден өтуде. Қазір Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тың жоба тәжірибеге енген. Мобильді қосымша онлайн режимде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, чек беруге, салық есептілігін жіберуге, оны төлеуге, төлемдерді басқаруға және мемлекеттік кірістер органдарынан белгілі бір қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Әзірлеушілер бұл кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді дейді. Қазір электронды салық көмекшісін 3500 ден астам кәсіпкер пайдаланады. Салық төлеушілер жүргізілген әрбір операцияның тарихын кез келген уақытта көре алады.
Жайдар Іңкәрбаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:
Бізде арнайы серверімізде барлық төлеп жатқан қаражат бойынша, салықтар, айнылымдар, арнайы серверде сақталатын болады. Негізінде біздің елімізде салықтардың мөлшері өте төмен, мысалы, потент бойынша 1 оңайлатылған деклорация бойынша 3 пайыз төлеу қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qurban.muftyat.kz сайты іске қосылды
14.05.2026, 13:27
Жетісу облысында 4 шақырым жерді тазалады
14.05.2026, 13:21
АҚШ-тың блокадасынан Кубада отын таусылды
14.05.2026, 13:18
Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер өтіп жатыр
14.05.2026, 13:15
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
14.05.2026, 13:12
Жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2 есе артты
14.05.2026, 13:09
Сенат жаңа ордендерді мақұлдады
14.05.2026, 13:06
Түркі өркениетіне ортақ тұлғаларды насихаттау аса маңызды
14.05.2026, 13:03