Балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялау шаралары тек арнайы орындарда, процедуралық кабинеттерде ұйымдастырылады. Екпе егу мектепте жүргізілмейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты. Желтоқсан айында 12 жастан асқан балаларға екпе салу жоспарланған. Америкалық «Pfizer» вакцинасының біршама дозасы елге жеткізіледі. Балаларға екпе салмас бұрын, ата-анасынан жазбаша рұқсат талап етіледі. Егер балаға салдырғысы келмесе, ешкімді мәжбүрлемейді. Мамандар, қатерлі вирус балада жеңіл өтеді, олар тек тасымалдаушы деп қарамау керек дейді. Өйткені, ағзаға көп мөлшерде вирус түссе зардабы да ауыр болмақ., Сонымен қатар коронавирус созылмалы ауруға шалдыққан балаларға да өте қауіпті. Әлемдік деңгейде жіті зерттелген екпе түріне сенім артқан жөн деп отыр, - министрлік өкілдері.
Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары:Көптеген елдерде қолданыста бар. Бұл ең бірінші осы вакцинанын шығарған Америкада, басқа да Еуропаның он шақты мемлекет те балаларға салынып, жұқтыру деңгейін төмендетуге, жұқтырған жағдайда медициналық көмекке жүгінбеуіне көп ықпалын жасап жатыр.
Раушан Сайлауқызы