Қарағандыда адам өліміне кінәлі деп танылған бөлім басшысы сотталды
Қарағандыда әкімдік ғимараты терезесінен құлаған жұмысшының өліміне мекеменің шаруашылық бөлімі меңгерушісінің салғырттығы себеп болған. Оны 2 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде сот үкімі шықты. Қайғылы оқиға биылғы жылы 19-шы сәуір күні болды. Бөлім басшысы 4-ші қабаттағы терезені жөндеу керектігін айтып, 37 жастағы сантехникке тапсырма берген. Жұмыс барысында мекеменің тіркеуінде жоқ қауіпсіздік белдігі пайдаланылған. Абайсызда жұмысшының аяғы тайып, белдік үзіліп кеткен. Бұған дейін еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп, кінәнің 80%-ы жұмысты дұрыс ұйымдастырмаудан болғанын анықтаған. Шаруашылық бөлімі жетекшісінің кінәсі сотта дәлелденді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан ЖИ бойынша жаһандық комиссияға мүше болды
08.07.2026, 20:12
Конституциялық Соттың түсіндірмесі нормативтік құқықтық сипатқа ие
08.07.2026, 20:12
Ширек финалға шыққан құрамалар белгілі болды
08.07.2026, 20:11
Конституциялық Соттың түсіндірмесі құқықтық талаптарды нақтылайды
08.07.2026, 20:11
Құрылтай сайлауы: Конституциялық негіздер және саяси трансформация
08.07.2026, 20:08
Алматыда жастар жобаларына 5 млн теңгеге дейін қолдау көрсетіледі
08.07.2026, 20:08
Сайлаушыларды тізімге енгізу қалай жүргізіледі?
08.07.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
08.07.2026, 20:05