Шетелдік нөмірлі көлік иесі 91 рет «Сергек» бейнекамерасына түскен
Ереже бұзған шетелдік көлік иелері қомақты айыппұл төледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтты. Қостанай облысында «қырғыз нөмірлі» көлік 91 рет «Сергекке» түскен. Жол қауіпсіздігін бұзғаны үшін 1 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді. Ал, Павлодарда Ресейде тіркелген көліктің иесі 69 рет жол ережесін бұзып, 751 мың теңге айыппұл төледі. Сондай-ақ жалған ресейлік нөмірлермен елге кіргізілген 80 көлік анықталды. Министрлік өкілдері шетелдік тіркеуі бар көлікті тексерусіз алудың соңы қылмыстық жауапкершілікке апаруы мүмкін екенін ескертті. Өйткен, көлік ұрланған болуы әбден мүмкін. Сондықтан жалған құжат жасағандар жазасыз қалмайды, дейді мамандар. Сондай-ақ министрлік өкілдері бір аптада тіркелген қылмыстық оқиғаларға тоқталды.
Нұрділда Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:Өткен аптада елде 3059 қылмыс тіркелген. Оның 500-ден астамы ұрлық-қарлық болса, 18 адам кісі қолынан қаза тапқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифингте айтты. Полиция қызметкерлері із суытпай 11 кісі өлтіру, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 4 қарақшылық, 42 тонау және 515 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15
Жетісу облысының Жоңғар-Алатау ұлттық паркінде визит-орталығы ашылды
23.07.2026, 17:15
Балаларға қауіп төндірген 3500 сайт бұғатталған
23.07.2026, 17:14