Петропавлда есірткі сатқан келіншек 7 жылға сотталуы мүмкін
Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 25 жастағы келіншек ұсталды. Тінту кезінде күдіктінің қалтасынан кристалл тәрізді зат салынған 33 полимер түйіншек тәркіленді. Күдікті екі жыл бұрын көпқабатты үйлердің қабырғаларына түрлі белгі қойып, интернетте есірткі сататын веб-ресурстарды жарнамалаған. Енді ол аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан Солтүстік Қазақстанда көше, тұрғын үйлердің аулаларында белгіленген орындарға жасыру жолымен есірткі таратқан 13 адам ұсталды. Жалпы салмағы 4 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Руслан Үмбетов, Облыстық ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:
Сот-химиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес «альфа-PvP» синтетикалық есірткі болып табылды. Жалпы салмағы 15,3 гр. бұл аса ірі мөлшерге жатады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақстан антологиясы»: Мемлекет халық үнін қалай естиді?
05.10.2026, 15:53
Азиада: Чемпиондар елге оралды
05.10.2026, 13:17
Ақтөбелік оқушылар экологиялық жобалар ұсынды
05.10.2026, 13:15
Ақмола облысында үздік мектептердің спорт алаңдарын жаңартады
05.10.2026, 13:12
Ақтауда Любовь Нам Абайды дәріптеп жүр
05.10.2026, 13:10
Шетелдік сарапшы: Реформалар елдің бәсекеге қабілетін арттырады
05.10.2026, 13:07
Сирияда газ құбыры жарылып, 3 электр станция істен шықты
05.10.2026, 13:05
Түркияда 5 кенші қаза тапты
05.10.2026, 13:03