Қазақстанда орташа зейнетақы – 100 мың теңгеге жуық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда орташа зейнетақы – 100 мың теңгеге жуық

13.10.2021

2028 жылдан бастап, базалық зейнетақыны кепілдік берілген зейнетақы ең төменгі мөлшеріне көшіру көзделген. Осылайша қазіргі қолданыстағы базалық зейнетақыны есептеу жүйесіне өзгерістер енгізу жоспарланған. Осы жылдың 9 айында базалық зейнетақы төлеуге 615 млрдқа жуқы теңге, ал ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 390 млрд теңге бағытталды. Биылғы 1 қазандағы мәліметке сәйкес, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 99 887 теңгені құрады. Еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 229 мың адам. Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, азаматтың зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесі ескеріле отырып, жеке тағайындалады. Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% құрайды.

 Айгүл Сакеева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшысы:

Зейнетақыны есептеген кезде, күн көру мөлшерінің 54 пайызы 70 пайызға ұлғайтуды ұсынып отырмыз. Зейнетқағы көшуді 10 жылдан 5 жылға төмендету көзделіп отыр.


Хабарламаларға жазылу