Карантин талаптарын бұзғандарға 91 миллион теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин талаптарын бұзғандарға 91 миллион теңге айыппұл салынды

12.10.2021

Ақтөбе облысында карантин талаптарын бұзғандарға 91 миллион теңге айыппұл салынды. Әсіресе, мейрамханалар мен сауда орындары және дүкен иелері ескертулерге немқұрайлы қараған. Соңғы аптаның өзінде осындай жеті факті тіркелген.

Сонымен қатар, той жасауға рұқсат берілгенімен, карнатин талаптары өрескел бұзылуда. Ақмола облысында қонақтарды шамадан тыс жинап, той жасағандар анықталды. Қосшы қаласында 150-160 адам жиналған екі үйлену тойы тоқтатылды. Ал Қоянды ауылында "Ашық" жүйесіне мүлдем тіркелмеген мейрамханада 100 аса адамның қатысуымен той өткен. Атбасарда да осындай жағдай тіркелді. Ақмола облысы "қызыл аймақтар" қатарында. Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбеюде.

Айнагүл Мусина, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

Той өткізуге рұқсат берілгенімен шектеулер бар. Облыс "қызыл аймақта" болғандықтан тойға көп дегенде 50 адам ғана жиналуға болады және мейрамхана сыйымдылығының жартысынан аспау керек. Сондай-ақ, қонақтар "ашық" жүйесінде қауіпсіз санатта болуы тиіс. Осы талаптар сақталмай отыр.  

Хабарламаларға жазылу