Қарағандыда жол апатынан үш адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жол апатынан үш адам қаза тапты

12.10.2021

Алматыда "Mercedes" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қайғылы оқиға таңғы төрттер шамасында болған. Көлік тізгіншісі Райымбек көшесімен батыс бағытқа сағатына 80 шақырым жылдамдықпен бет алған. Оның сөзінше, қала шетіндегі сауда орталығы маңында белгісіз ер адам рұқсат етілмеген тұстан жолды кесіп өтпекші болған. Жүргізуші тежегішті дер кезінде басқанымен, апаттан қашып үлгермепті. Жаяу жүргінші ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Қазір полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда.

Сондай-ақ Қарағанды маңындағы Абай-Шахтинск тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза тапты. Олардың екеуі 18 жастағы жігіт және 52 жастағы әйел адам. «Лада Приора» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі тас жол бойында қарсы қозғалыс жолағына шығып, 59 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Нива» автокөлігімен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жігіт рөлге ие бола алмай қалған. Сол жерде «Лада Приора» автокөлігінде отырған жолаушы мен «Нивадағы» әйел адам мерт болған. Сондай-ақ, жол ережесін бұзған жүргізуші мен оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Жолаушылардың бірі есінен танып, медициналық мекемеде қайтыс болды. Полицияда жол-көлік апатына байланысты қылмыстық іс қозғады.


Хабарламаларға жазылу