Елордада үш күнде 42 нысан карантин талаптарын бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада үш күнде 42 нысан карантин талаптарын бұзған

05.10.2021

Елордада үш күнде 42 нысан карантин талаптарын бұзған. Бұл мониторингтік топтардың тексерісі кезінде анықталды. Яғни, Алматы ауданы бойынша 16 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылса, Сарыарқа ауданында шектеу шараларын бұзудың 13, Есіл ауданында 9 фактісі тіркелген. Сондай-ақ, бірнеше қоғамдық тамақтану орындары белгіленген уақыт шектеулеріне қарамастан, түннің біріне дейін жұмыс істеген. Мониторингтік топ күн сайын жүздеген ойын-сауық мекемелері мен сауда нысандарын аралап, күнде ондаған ереже бұзу фактілерін анықтайды. Көпшілігі жұмыс кестесін ескермейді, келушілердің бекітілген санынан артық қабылдайды және бетперде кимейді. Айта өтейік, Нұр-Сұлтан қызыл аймақта тұр. Ал, ел бойынша өткен тәулікте 1624 адам коронавирус жұқтырған.

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу