Шымкентте зақымдалған газ құбыры жөнделді
Шымкентте зақымдалған газ құбыры түс ауа жөнделді. Естерңізге сала кетейік, кеше түнде жер қазып жатқан эксковатор құбырды зақымдап, 6 жарым мың абонентті көгілдір отынсыз қалдырған болатын. Өңірдегі тілшіміз Ғани Қалмаханов скайппен байланысқа шықты.
Ғани Қалмаханов, тілші:Оқиға кеше түнде болған. Ауыр техника жер қазуға арналған шөміштің тісімен диаметрі 315 мм болатын полиэтилен құбырды тесіп жіберген. Салдарынан шаһардағы «Азат», «Ақниет» шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен сол төңіректе орналасқан 35 комуналдық мекеме, 6 өндіріс ошағына көгілдір отын беру тоқтатылды. Қазір апат орнында авариялық құтқару бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ал құбырды зақымдаған эксковатор жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция оны іздеуге кірісті.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06