Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ радиосының» студиясы ашылды
Қазақ радиосының 100 жылдығы қарсаңында Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ радиосының» студиясы ашылды.
Биыл университеттің де ашылғанына 25 жыл. Оған қоса ертең «Радио» қызметкерлерінің күні. Осындай бірнеше мерекенің қарсаңында тұсауы кесіліген жаңа студия жастарға зор мүмкіндік болмақ. Мұнда қажетті қондырғылардың бәрі бар. Бүгін алғашқы сұхбат та жүргізілді. Енді осындағы журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер ұстаздарымен бірлесе отырып, түрлі бағдарламалар әзірлей алады. Тіптен бірден тікелей эфирге шығуына да мүмкіндік бар. Мерейтой қарсаңында өткен игі шараға министрлік өкілдерімен қатар ақпарат саласының мамандары, ардагерлер, ғалымдар мен зиялы қауым қатысты.
Қайрат Сақ, ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы профессор:Енді тікелей эфирге шығып өздерінің бағдарламаларын тыңдатуға мүмкіндік алып жатырмыз. Бұл мықты мамандар даярлауға жасалып жатқан үлкен жұмыстарымыздың нәтижесі.
Күләш Молдахметова, Қазақ радиосының ардагері:Жастарымызға үлкен бір жол ашатын, әсер қалдыратын үлкен студия екен. Көріп қуанып жатырмыз. Жастарымыздың жұмысы әрі қарай жалғаса берсін. Қазақ үні әр шаңырақта шалқысын.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15
Жетісу облысының Жоңғар-Алатау ұлттық паркінде визит-орталығы ашылды
23.07.2026, 17:15
Балаларға қауіп төндірген 3500 сайт бұғатталған
23.07.2026, 17:14