Алматыдағы Есентай өзенінің аумағы абаттандырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Есентай өзенінің аумағы абаттандырылып жатыр

28.09.2021

Алматыдағы Есентай өзенінің аумағын абаттандыру қарқынды жүріп жатыр. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен 2 шақырымға жуық жая жүргіншілер жолы мен жағалаудағы құрылыс аяқталды. Қалған бөлігін жыл соңына дейін бітіру жоспарланған.

Қазір Есентай өзенінің жағалауына 800 метр жаяу жүргінші жолы мен 1600 метрге тас жол төселді. Жауапты мамандар өзен ағысының қатты болғанына қарамастан, тапсырма уақытында жүзеге асып жатқанын айтады.

Серік Әділбаев, қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары:
Осы жаяу жүргіншілер жолының бойына 3 мыңнан астам бұталы ағаштар егу жұмыстары бар. Сонымен қатар 3 мың шаршы метр жерге көп жылдық өсімдіктер егіледі. 

Жағалауға жарық шамдары орнатылып, ойын және спорт алаңдары салынды. Өзен арнасының табиғи қалпын сақтай отырып барлығы экологиялық таза материалдардан жасалған.

Әсет Масабаев, Медеу ауданының әкімі:
Қаншама жыл жабық тұрды. Адам аяғы баспады. Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Оспанов көшесінің аралығы бұл бір шақырымдық жер. Қалғанын осы жылдың аяғында толық пайдалануға беріледі. 

Қалалық кеңістікті дамыту жөніндегі сарапшылар мегаполистегі жаяу жүргіншілер жолын жамыту маңызды екенін айтады. Себебі, қалалықтарға өзен бойымен серуендеп, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік жасалмақ.

Дархан Тұртаев, қалалық кеңістікті дамыту жөніндегі сарапшы:
Қалада әртүрлі қоғамдық кластерлер бар. Десе де олар қаланың тыныс-тіршілігімен байланыса бермейді. Сондықтан Есентай сында өзеннің жағалауына мұндай мүмкіндіктер жасау арқылы, мегаполистің дамуына оң әсерін тигізеді.

Жаңа жобаның арқасында тұрғындарға енді әл-Фараби даңғылынан су бөлгішке дейін жүріп-тұруына болады. Болашақта өзен арнасын абаттандыруды Медеуге дейін созу жоспарланып отыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу