Жамбыл облысында 75 нысан қалпына келтірілді
Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери базадағы жарылыстан кейін 1 ай уақыт өтті. Бүгінде 75 нысан қалпына келтірілді. Қалған 100-ден астам нысанда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір бізбен өңірдегі әріптесім Данияр Асқарұлы байланысқа шығады. Данияр әскери базаға жақын орналасқан елді мекендердегі жағдай қалай?
Данияр Асқарұлы, тілші:Біз қазір жарылыс аумағына ең жақын орналасқан Қайнар ауылында тұрмыз. Қазір жарылыстан бүлінген 19 үйдің құрылыс жұмыстары бел ортасына келді. Жауаптылардың айтуынша алдағы 1 аптаның айналасында алғашқы үйлердің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар қоныстанады деп күтілуде. Қазір біздің жанымызда осы құрылысқа жауапты аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил тұр. Қайрат мырза қазіргі уақытта өз уақытынан кешігіп жатқан мердігер компаниялар бар ма?Қайрат Исмаил, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары:Кешігіп жатқан компаниялар бар. Екі үй кешігіп басталды. Өйткені бұл екі үйге техникалық шешімдер кеш қабылданды. Себебі бұл үйлер алғашында уақытша тұратын үй времянкалар болған.Алдынан қосарланып қосылған үйлер. Сметаларда өзгертулер болған соң өткен аптада дайын болды. Оларды 20 күнде бітіреміз деп уәде беріп отыр мердігерлер.
Жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалған әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты ұстаным – прагматизм мен диалог»: Сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне пікір білдірді
30.09.2026, 20:44
Еуропада жалған дәрі сататын онлайн дәріханалар көбейді
30.09.2026, 20:30
Азиада: Бүгін ел қоржынына 8 медаль түсті
30.09.2026, 20:29
Донорлық: Бүйректі ағзаның қабылдауын AI 33 секундта анықтайды
30.09.2026, 20:28
Көкшетауда 630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын
30.09.2026, 20:08
KTZ Express қазақстандық экспорттың логистикалық әлеуетін кеңейтіп жатыр
30.09.2026, 20:06
Түркістан облысының таулы аймақтарына 131 мыңнан астам турист келген
30.09.2026, 20:06
Қазақстан киберқылмысқа қарсы конвенцияға қосылды
30.09.2026, 20:05