Қазақстан мен Түркия арасындағы парламентаралық қарым-қатынас нығаяды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Ұлы ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоппен кездесті. Қос тарап ең әуелі екі ел парламенттері арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталды. Нұрлан Нығматулин екі ел арасындағы қарым-қатынас Қазақстан мен Түркия басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Қазақстан және түрік парламентшілерінің бірлескен жұмысы алдағы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береріне сенім білдірді. Тараптар екіжақты және түркі институттары аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауды ертең Түркістанда өтетін ТүркПА-ның пленарлық отырысында жалғастырады.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:Біз бүгінгі кездесуімізде, екі жақты байланысты, соның ішінде, парламентаралық әріптестікті күшейту бойынша көптеген сұрақтарды талқыладық. Алдағы уақытта біздің заң шығарушы органдар арасында ынтымақтастық жөніндегі топтар, парламенттегі комитеттер арқылы іс-сапарлар және тәжірибе алмасу жұмыстарын белсенді жүргізетін боламыз. Осының барлығы Қазақстан және Түркия арасындағы достық, туыстық, әріптестік байланысты нығайтуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкенттік параспортшы миллионға үлгі болып жүр
11.02.2026, 17:38
Фристайл-могул: Спортшыларымыз финалға өтті
11.02.2026, 17:37
Cот төрелігіне қатысты ғылыми-практикалық кітап жарық көрді
11.02.2026, 17:35
Пітір мөлшері 735 теңге болып белгіленді
11.02.2026, 17:33
Павлодарда тұрмыстық қалдықты өңдейтін зауыт салына бастады
11.02.2026, 17:31
Ресейде қоймадағы дәрі-дәрмек түгесілді
11.02.2026, 17:27
Канадалық әйел 10 адамды атып тастады
11.02.2026, 17:24
БҚО-да вейп темекі алып өтпек болғандар жазаланды
11.02.2026, 17:22