Бассейнде уланған балалардың жағдайы бірқалыпты
Алматыда бассейндегі жаттығу кезінде судағы хлордан уланған балалардың ата-аналары әлеуметтік желіге бейнежазба таратты. Олардың айтуынша, жасөспірімдердің жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлердің үнемі бақылауында. Осылай деген ата-аналар балаларына дер кезінде медициналық көмек көрсеткен жаттықтырушыға алғыс айтты. Еске салайық, мегаполистегі бассейндердің бірінде синхронды жүзуді үйреніп жүрген 11 бала уланып қалған еді. Мамандардың сөзінше, нысанға бір аптадай бұрын суды хлорлауға арналған құрылғы орнатылған. Алайда ол істеп шығып, суға шамадан тыс хлор құйылуы мүмкін деген болжам бар. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қазір балалардың басым көпшілігінің , яғни тоғыз жеткіншектің ауруханадан шыққанын хабарлады.
Алуа Жексенова, балалар шұғыл медициналық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:Екі бала әлі де бізде ем қабылдап жатыр. Жағдайлары бірқалыпты. Орташа ауырлықта. Ертеңге үйіне шығарылуға жоспарланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты ұстаным – прагматизм мен диалог»: Сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлиндегі мәлімдемесіне пікір білдірді
30.09.2026, 20:44
Еуропада жалған дәрі сататын онлайн дәріханалар көбейді
30.09.2026, 20:30
Азиада: Бүгін ел қоржынына 8 медаль түсті
30.09.2026, 20:29
Донорлық: Бүйректі ағзаның қабылдауын ai 33 секундта анықтайды
30.09.2026, 20:28
630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын
30.09.2026, 20:08
KTZ Express Қазақстандық экспорттың логистикалық әлеуетін кеңейтіп жатыр
30.09.2026, 20:06
Түркістан облысының таулы аймақтарына 131 мыңнан астам турист келген
30.09.2026, 20:06
Қазақстан киберқылмысқа қарсы конвенцияға қосылды
30.09.2026, 20:05