Pfizer вакцинасының үшінші дозасын ересектерге салуға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Pfizer вакцинасының үшінші дозасын ересектерге салуға рұқсат берілді

23.09.2021

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек агенттігі Pfizer вакцинасының үшінші дозасын жасы 65-ке толғандар мен одан асқандарға салуға рұқсат берді.

Күшейтуші екпе екінші компонентті алғаннан кейін жарты жылдан кейін егілуі керек.

Өткен айда президент Джо Байден осы аптада жасы 16-дан асқандарды үшінші дозамен иммундай бастауға ниет танытқан еді. Алайда, мамандар бүкіл халыққа мұның қажеттігіне нақты дәлел таппағанын және бұндай шараның қауіпсіздігі туралы деректер керектігін алға тартып отыр.

Ал, Ресей аймақтарының жартысына жуығында коронавирус жұқтыру оқиғаларының қайта көбейгені байқалып отыр. «Роспотребнадзордың» дерегінше, мұндай жағдай Федерацияның 36 субъектісінде байқалып отыр. Жұқтырушылар санының арта түсуіне респираторлық инфекциялар маусымының басталуы себепші болуы мүмкін. Дегенмен, вакциналанған тұрғындары көп облыстар мен өлкелерде коронавирусқа шалдыққандар тез көбейіп жатқан жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу