ҚМДБ ғұламалар кеңесінің ХХХІ мәжілісі өтіп жатыр
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің мәжілісі өтіп жатыр. Жиында онлайн неке қию, текті ауыстыру мен жерленген адамның топырағын алып, басқа жерге көшіру, гив ойнатудың үкімі мен Форекс нарығына қатысты түйткілді мәселелер талқыланды. Кеңестен соң арнайы пәтуа шығарылады. Діни басқарма өкілдерінің айтуынша соңғы кезде онлайн неке бойынша өтініштер көп түскен. Арасында бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан азаматтар да бар. Сондай-ақ, жиын барысында Мемлекет басшысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі тапсырмасы талқыланды. Басқарма төрағасының сөзінше осы мәселе бойынша арнайы құрылған комиссиямен бірлесе бірқатар жұмыс жоспарланып отыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17