Сальвадор халқы биткоин мен президентке қарсы шеруге шықты
Сальвадорда мыңдаған адам шеруге шығып, биткоинның төлем құралына айналуына қарсылық білдірді. Және де демонстранттар осы шешімді қабылдаған 40 жастағы президент Наиб Букелені «диктатор» деп айыптады. Алайда, соңғы социологиялық зерттеулер мемлекет басшысын халықтың 85 пайыздан астамы қолдайтынын көрсетіп берді.
Букеленің сөзінше, криптовалюта шетелде жұмыс істейтін сальвадорлықтарға үйлеріне ақшаны комиссиялық төлемсіз аударуға көмектеседі. Алайда, манифестанттардың ойынша, биткоин елге тұрақсыздық әкеліп, инфляцияны шарықтатуы мүмкін.
Айта кетсек, өткен аптада Сальвадор виртуалдық ақшаны АҚШ долларымен қатар қолдануға кіріскен бірінші елге айналды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21
Маңғыстау теміржол вокзалы пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:15
The New York Times: АҚШ пен Израиль Иранға соққы беруге дайындалып жатыр
23.10.2026, 20:12