«DARYN» тележобасының жеңімпазы ҚБТУ-дың білім грантын иеленді
3 шілдеден бері «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінен көрсетілген «DARYN» зияткерлік телеолимпиадасында Қарағанды облысынан қатысқан Нұрсұлтан Таңат 190 балл жинап, жеңіске жетті. Дарынды оқушыға Қазақстан-Британ техникалық университетінің білім гранты табысталды.
«DARYN» зияткерлік жобасына республиканың әр түкпірінен келген 310 бала қатысып, оның 132-сі іріктеу кезеңінен өткен еді. Әр сайысқа 9 сынып оқушыларынан құралған 12 үміткер қатысты. Интеллектуалды ойын 4 кезең бойынша өтті. Жоба сұрақтарында Алаш қайраткерлерінің еңбектері, қазақ ғылымы, әдебиеті, мәдениеті, тарихы, спорт, өнер, медицина, «100 оқулық» жобасы, латын әліпбиі, ауылшаруашылық, химия, жасанды интеллект, елеулі мәдени оқиғалар мен атаулы даталар қамтылды.
Нұрсұлтан Таңат болашақта білім алатын Қазақстан-Британ техникалық университеті - халықаралық деңгейдегі ғылыми-техникалық элита дайындау саласындағы республиканың жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Экономика, мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика, кибернетика және геологиялық барлау салалары бойынша мамандар даярлайды.
Тележобаның мақсаты – жастарды оқуға ынталандыру, олардың білім алуға қызығушылығын арттырып, көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Бағдарламаның финалдық кезеңі «Qazaqstan» телеарнасынан бүгін 17:25 көрсетіледі.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы білім сайысында бақ сынаған жас дарындарға алғыс білдіріп, алдағы өмір жолына сәттілік тілейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
LRT жүйесіне жұмысқа қабылдау басталды
07.11.2025, 20:59
Ішкі саясат саласын жүйелейтін құжат еліміздің 2029 жылға дейінгі даму жоспары негізінде әзірленген
07.11.2025, 20:57
Тұщы су өндіру үшін су арнасы тереңдетіледі
07.11.2025, 20:54
СҚО-да ауыл тұрғындарының саны азайып барады
07.11.2025, 20:51
«Үркер» - 2025 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
07.11.2025, 20:47
Түркі елдерінің достығын дәріптеген басылымдар
07.11.2025, 20:44
Вьетнамда тайфуннан 5 адам қаза тапты
07.11.2025, 20:17
«Наурыз» бағдарламасы: 15 мың адам өтінім берген
07.11.2025, 20:13